<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><key>C</key>
<author>Шынтеміров Әбілхайыр</author>
<hymn_number>153</hymn_number>
<title>Жұлдыздар жарқырап жанғанда РӘЖ153 Қак20</title>
<lyrics>[V1]
.      Am       E         Am
 Жұлдыздар жарқырап жанғанда,
.     A7                Dm
 Жарық ай көрініп аспанда,
.         Dm       G     C       Am
 //  Тәңірім, Өзіңе жүректі ашқанда,
.     Dm         E         Am
 Тәңірім, Сен мені құтқардың.  //

[V2]
 Өмірдің таба алмай бақытын,
 Жолымның біле алмай бағытын,
 //  Тұншығып тұңғиық түбінде қалғанда,
 Тәңірім, Сен мені құтқардың.  //

[V3]
 Күнәнің шыға алмай торынан,
 Адасып жүріппін жолымнан.
 //  Жүректі тағы да жалғыздық басқанда,
 Тәңірім, Сен мені құтқардың.  //

[V4]
 Өмірдің қайғы мен азабын,
 Ұмыттым күнәнің мазағын.
 //  Тәңірім құтқарды, қуаныш сыйлады,
 Тәңірім, күнәдан құтқарды.  //</lyrics>
</song>